• Mail Us
  • Call Us

«Міндетті фортепиано» ПЦК-сінің тарихы

Жүсібек Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-цирк     колледжі  55-жылдық тарихы бар Өнер Ордасы.Осы жылдар ішінде колледж қабырғасында қаншама эстрада, цирк, актер жұлдыздары тәрбиеленды.

Олардын кешегі келбеті, бүгінгі тынысы және болашағы - Казақстан өнер тарихына жатады. Қазіргі таңда жас мамандар  күнен-күнге шығармашылық, музыкалық  жағынан қаркынды дамып өсіп келе жатыр. Сол себепті заман талаптарына сәйкес біздің колледж  эстрада вокал, эстрада аспап, халық әнші және аспап, актер  және би өнері, жеке ән салу және цирк өнерінің кәсіби кадрларын дайындайды. Осы мамандықтарды таңдаған барлық  студенттер міндетті түрде «Фортепиано» пәнің өтеді, сондықтан  осы пән болашақ кәсіби музыка кадрларын даярлаудын негізгі бір  буыны деп саналады.

«Жалпы фортепиано» бөлімі 1996 жылы ашылып, 2019 жылы аты «Міндетті фортепиано» ПЦК-сі деп ауыстырылды.

«Фортепиано» пәні аспапта ойнау білімін, шеберлігі менен дағдыларын қалыптастырушы практикалық пән болып табылады.

Музыкалық сауаттылыққа үйрету, фортепианода ойнауды - тәжірибе жүзінде іске асыру, нотаны текстен оқу дағдысын дамыту жолдарын үйретеді.

Сонымен қатар әлімдік классикалық репертуар шығармаларымен таныстырып, казіргі заман және Казақстан композиторларынын шығармаларын фортепиано аспабында орындауға үйретеді. Көркемдік, музыкалық -орындаушылық шеберлігін меңгерген кәсіби мамандарды дайындайды.

Біздің бөлімде педагогикалык тәжірибесі мол, білімді кәсіби оқытушылар дәріс береді. Атап өтсек:  философия ғылымнын кандидаты, профессор Э.С. Султангалиева; Мәдениет саласынын үздігі ПЦК төрағасы Л.М. Жаумбаева; Өнертану магистры А.Б.Бакытбекова; жоғары санатты окытушылар: А.А. Нусупова, А.Б. Жилисбаева, Б.С. Мусина, жас оқытушылар: А.К. Омарова,  Ж.Е. Интыкбаева.

 Біздің оқытушылар тек окытушылык кызметпен ғана шектелмейді, олардың барлығы әр түрлі деңгейдегі концерттерде орындаушылар және  сүйімелдеушелер. Мұндай белсенділік студентердің де өз ісіне кұштарлығын оятады. Оқытушы мен шәкірт арасындағы бұл байланыс болашақ кәсіби мамандықты қалыптастыруға, шығармашылық мүмкіндіктерін, еркіндіктерін кеңінен ашуға өз септігін тигізеді.

ПЦК оқытушылары

Жаумбаева Лаззат Мухановна

«Міндетті фортепиано» ПЦК төрағасы ҚР мәдениет саласының үздігі

Султангалиева Эльмира Сакеновна

Профессор, Философия ғылымдарының кандидаті

Нусупова Анар Айтжановна

Жоғары санатты оқытушысы