• Mail Us
  • Call Us

ПЦК тарихы

         Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада- цирк колледжінің «Жеке ән салу» пән циклдік комиссиясының тарихы 1965 жылдан басталады. Ол кезеңде, студияда оқу екі жыл және төрт ПЦК тұратын: цирк, би, көркем сөз шебері және ән салу.

   1994 жылдан бастап, училище статусын алған соң, кейбір структуралық өзгерістерге байланысты – «Жеке ән салу» ПЦК ашылып, оқу мерзімі үш жылға созылды. Бұл ПЦК-да қызмет етуге Абай атындағы МАОБТ –ның ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Шакыржан Буркутбаева, Абай атындағы МАОБТ –ның жүргізуші жеке әншілерімен сүйемелдеушілер - ҚР-ның халық артистері Бақыт Әшімова және Ғафиз Есімов, еңбек сіңірген артистері Бақытжан Сқақов және Қанат Құлымжанов, ҚР-ның мәдениет қайраткерлері Қарлыға Құсаинова және Қайрат Магавин, доценттер Болат Кенжебаев және Нават Максутовқызы Темірхановалар шақырылды.

   ПЦК бастауында болған ардагерлер-ұстаздар ҚР-ның халық артистері, профессорлары Каукен Кенжетаев және Бекен Жылысбаев, еңбек сіңірген артисі, профессор Надия Абдрахманқызы Шарипова, доценттер Болат Кенжебаев және Нават Максутқызы Темірхановалар.

   1995-1998 жылдар аралығында ПЦК Қайрат Әмірұлы Магавин басқарған. Осы кезеңде оқытушылар Қ.Ә.Магавин және Ш.Қ.Буркутбаева 1-2-3 курстарға «Мамандық» және «Хор сыныбы» негізгі пәндерден бағдарламалар, талаптар құрастырады. 2000-2006 жылдары ПЦК төрайымы Қарлыға Әділханқызы Құсаинова- бөлімнің шығармашылық дамуына, оқу-тәрбиелік үрдісіне көп жігерін жұмсаған тәжірибелі әнші және ұстаз. Оның жетекшілігімен «Мамандық» (автор – Қ.Ә.Құсаинова) және «Хор сыныбы» (автор-Ш.Қ.Буркутбаева) пәндері бойынша типтік оқу бағдарламалары құрастырылды. Ал, 2009-2017 жылдар аралығында ПЦК-н ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Шакыржан Қалауяқызы Буркутбаева меңгереді. Хор және мамандық бойынша жұмыстың негізі саналатын қазақ, орыс және шетел классиктерінің, әсіресе Қазақстанның қазіргі заман композиторларының шығармаларын орындауға бағытталған оқу-шығармашылық жұмысын жоғары деңгейде жүргізді.

   «Жеке ән салу» ПЦК негізгі рөлі мен мақсаты - әншілік қабілеті жоғары хор артисін, хор ұжымдарына бәсекелес бола алатын талапты кадрларды дайындау.

   ПЦК оқытушылары мен білім алушылары колледждің қоғамдық және музыкалық іс-шараларына белсене қатысып, халықаралық және республикалық байқаулардың жүлделі орындарына ие болып, ғылыми-тәжірибелік семинарларға және шеберлік кластарға үнемі қатысып отырады. Нәтижелі қызметтің арқасында білім алушылар ҚР-ның және шет мемлекеттерінің жоғары оқу орындарына түседі. Бүгінгі таңда студияның алғашқы түлектері Қазақстанның құрметті де атақты артистері - ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Шахимардан Абилов; ҚР-ның еңбек сіңірген артистері – Қанат Құлымжанов, Бақытжан Сқақов, Қайырлы Ислямов; «АSTANA-OPERA» жеке әншісі Салтанат Муратбекова, Абай атындағы МАОБТ-ның жүргізуші хор артистері –Алмагүл Каканова, Бауыржан Есімханов, Серік Семізбаев, Гүлшат Досымбетова, Алия Шаймерденова; «АSTANA-OPERA» - Бақыт Жанахметова, Үміт Шегетаева, Медғат Махин; Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік каппела – Бақытжан Құрамысов, Қаламқас Қадырбаева және т.б.

   «Мамандық» және «Хор сыныбы» негізгі пәндерден басқа студенттер актер шеберлігі, сахна тілі, вокал орындаушылық өнер тарихы, грим, би, фортепиано, сольфеджио, музыкалық теория, гармония, хортану, музыкалық әдебиет және тағы басқа пәндерден дәріс алады. «Жеке ән салу» ПЦК-нда үлкен еңбек тәжірибесі бар ұстаздар және жас келешегі бар кадрлар еңбек етеді. Қазіргі уақытта ПЦК келесі оқытушылар жұмыс жасайды: ПЦК төрағасы, ҚР-ның мәдениет саласының үздігі – Б.Т.Турманова, ҚР-ның халық артисі, профессор - Ғ.Қ.Есімов; ҚР-ның мәдениет саласының үздігі - Л.А.Байжунусова, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Б.Н.Жомартов, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері – Б.К.Демеуов, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары - Ш.Ә.Сапарова, Д.Б.Жолдыбаев, А.Қ.Қалдыбай, А.А.Красильникова, А.С.Серікболова; жас оқытушылар – Е.Б.Исатай, А.Б.Бақытбекова, Л.Х.Сетеков, А.Н.Максютенко; Жалпы фортепиано оқытушылары Л.М.Жаумбаева, Б.С.Мусина.

ПБК оқытушылары

Б.Т.Тұрманова

ПЦК төрағасы

Демеуов Б.К.

Педагог

Жомартов Б.Н.

Педагог

Қ.Ғ.Есімов

Педагог

Л.М.Жаумбаева

Педагог

Жолдыбаев Д.Б.

Педагог

Исатай Е.Б.

Педагог

Мусина Б.С.

Педагог

Сапарова Ш.Ә.

Педагог

Максютенко

Педагог

Сетеков Л.Х.

Педагог

Қалдыбай А.С.

Педагог