• Mail Us
  • Call Us

ПЦК тарихы

Оқу орны шаңырақ көтерген 1965 жылдан бастап «Эстрада - вокал бөлімі», «эстрадалық әндер орындау артисі» мамандығы бойынша әншілер  дайындаумен айналысып келе жатқан табысты бөлім.

Эстрадалық әндерді орындаушы  артист  мамандығын шебер меңгеріп шығу үшін студенттерге тікелей мамандық пәндерімен қатар фортепиано, вокалдық ансамбль, джаз импровизациясы, актер шеберлігі, хореография т.б.пәндері тереңдетіліп оқытылады.

Бөлімнің қалыптасып дамуына ҚР Халық артистері З. Қойшыбаева, Л. Кесоглу, Л. Төлешова, В. Қармысова және олардың ісін жалғастырушы ҚР Еңбек сіңірген артистері Жұмат Махамбетов, Сембек Жұмағалиев, Бауыржан Исаев және т.б. өнер тарландары зор еңбек сіңірді.

Бөлім түлектері: Н. Есқалиева, А. Нұрмағанбетова, Ж. Сейдуллаұлы, Г. Сиқымбаева, Б. Шадаева, С. Ибрагимов, Ж. Ысқақова, Шахизада, Д. Сұлтан, Қ. Нұртас, Әсем, Дидар Каден, Серікбол Сайлаубек  - Қазақстанның эстрада өнерін әлем жұртшылығына талмай насихаттауда.

Аға буынның үлгісімен, кейінгі толқын түлектеріміз құрған “Қоңыр”, “Melo’Men”, “Juniors”, “Алматы”, “КешYOU”, “Лашын” топтары республика сахналарының көркіне айналуда.

Қазіргі таңда “Эстрада - вокал” бөлімінде колледж түлектері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері С.Қ. Майғазиев, бөлім меңгерушісі – Л.А. Әмреева, халықаралық байқаулардын лауреаттары – Р.Р. Сабырова, А. Керімқұлова, Ж.А. Досаев, А.Э. Сүлейменова, А.М. Мұхамедиярова, Н.Қ. Аманжолова болашақ өнер қарлығаштарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосуда.

Р.Р. Сабырова жетекшілігімен құрылған бөлім студенттерінің “Aladdin”,  “Карамель” топтары қалалық деңгейдегі концерттерге қатысып, шеберліктерін ұштауда.
“Эстрада - вокал” бөлімінің студенттері  республикалық “Жас Қанат”, “Шабыт”, “Ш. Қалдаяқов әндер байқауы”, “К. Дүйсекеев әндер байқауы”, “Әсет Бейсеуов әндер байқауы”. “Славян Базары” және Санкт - Петербор қаласында өтетін “Созвездие талантов” халықаралық байқауларына үнемі қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. “Эстрада - вокал” бөлімі ағайынды Гнесиндар атындағы Ресей музыка акдемиясымен, Литва Республикасының “Вильнюс алқасы”, Куренкеев атындағы Қырғыз мемлекеттік музыкалық колледжімен шығармашылық ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар негізінде әріптестік орнатқан.

Канлыбаев Д.М.

«ПЦК-төрағасы», магистр, оқытушы.

Бердекеев Б.

Педагог

Базарбекұлы М.

Сүйемелдеуші, магистр, Музарт ансамблнің жетекшісі.

Амреева Л.А.

«Мәдениет саласының үздігі». Оқытушы

Тұрлыбай М.

Педагог

Убиев Д.

Педагог

Абдуалиев Е.А

Педагог

Қабай Ұ.Д.

Оқытушы.Құрмет орденінің иегері, магистр

Арыстанова Жадыра Мақсатқызы

Мәдениет саласының үздігі. Оқытушы.

Нота Валентин

Сүйемелдеуші

Документация

Годовые отчеты

Отчет за 2021-2022 год второе полугодие

Отчет за 2021-2022 год первое полугодие

Отчет за 2020-2021 год второе полугодие

Отчет за 2020-2021 год первое полугодие

Фотогалерея