• Mail Us
  • Call Us

ПЦК тарихы

«Цирк өнері» бөлімінің тарихы оқу орны шаңырақ көтерген 1965 жылдан бастау алады. Бөлімде «Әуе гимнастикасы», «Жонглерлеу», «Эквилибр», «Акробатика» «Бос сымдағы эквилибр» мамандықтары бойынша цирк артистері даярланады.

1967 жылы «Цирк өнері» бөлімінің алғашқы түлектері Сұлтанғали Шүкіров, Сара Қабиғожина, Марат Көшмағамбетов, Икрам Ниязов, Ырым Қожамқұлов, Александр Макаров, Валентина Мягкина, Олег Чеботаревтар   өнер әлеміне қанат қақты.

1969 жылы сәуір айында түлектердің екінші тобы бітіріп шықты. Бұл топ құрамында Қ. Әкішев, Қ. Бегенов, А. Смағұлов, Э. Рахымбаева, М. Ажғұлов, Ж. Өтепбаев, Қ. Қоржымбаев, Е. Солдатенкова, Ю. Ревякин, А. Әлжанов, В. Ревякин, В. Чалабаев, С. Жүнісова, Ө. Исабеков, Т. Танин, С. Самущенко (Галиева), Р. Ескенова, Н. Кацуба, К. Қыстаубаева, С. Тулеуова, Р. Жұмағазиевалар болды.

1970 жылы 24 шілдеде Саратов циркінің алаңында Қазақ циркі тұңғыш қазақ ұлттық «Медеу» бағдарламасымен тұсауын кесті. Қоюшы режиссер - РКФСР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Г. Перкун, Ю. Благоев, музыкасын жазғандар - Қазақ КСР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері - Н. Тілендиев, Л. Хамиди, Д. Ботбаев. 1970 жылы тамыздың 12 жұлдызында Алматыдағы спорт сарайында қазақ циркі қазақстандықтарға тұңғыш рет өнер көрсетті. Цирктің алғашқы директоры - Қанат Саудабаев.

Цирк бөлімінде студенттерді үздіксіз машықтандыру үшін оқу үрдісінде цирк акробатикасы, гимнастика, жонглерлеу, эквилибристика, эксцентрика, бос арқанда жүру тәрізді практикалық жаттығулар басты орын алады.

Арнайы пәндермен қоса “Цирк” бөлімі студенттері хорегорафияны, актер шеберлігін, сахнадағы қозғалысты және басқа да көптеген гуманитарлық пәндерді оқып үйренеді. Цирк артистерін даярлауда Қазақстанның еңбек сіңірген артистері - Е. М. Қоңырбаев, Қ. Г. Қоржымбаев, Н. А. Маркин (бөлім меңгерушісі) және Алматы циркінің директоры Д. Досбатыров т.б. аянбай еңбек етуде.

2012 жылы сәуірдің 17 - 19 жұлдызы аралығында Ж. Елебеков атындағы  РЭЦК-нің ұйымдастыруымен Алматыда Дүниежүзілік цирк өнері күніне арналған 1 Халықаралық цирк форумы өтті. Италия, Франция, Венгрия, Ресей, Өзбекстан т.б. елдердің делегациялары қатысқан форум «Цирк өнерінің Еуразиялық қауымдастығын» құру туралы Меморандум қабылдады.

«Цирк өнері» бөлімі 2012 жылы Италияның Верона қаласындағы «Цирк өнерінің Еуразиялық қауымдастығымен» 7 жылға, Өзбек республикалық эстрада - цирк колледжімен 5 жылға, М. Румянцев және Карандаш атындағы Мәскеу цирк училищесімен шығармашылық әріптестік орнатып, жұмыс жасауда.

Бөлімге қабылданатын талапкерлер қатарында спорт кандидаттары мен шеберлері бар. Бөлім түлектері Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды цирктеріне конкурстық негізде жұмысқа орналасады.

ПЦК оқытушылары

Булатов Беркин Азилбекович

Лауреат международных цирковых фестивалей

Худайбергенова Алия Халитовна

Преподаватель первой категории

Кожевников Владимир Павлович

Доцент КазАСТ, мастер спорта

Маркин Николай Андреевич

Преподаватель высшей категории

Бурашев Серік Сенбекұлы

Преподаватель высшей категории, мастер спорта

Редько Марина Маратовна

Учитель первой категории

Червяков Сергей Викторович

Учитель первой категории

Аубакирова Муслим Мырзагельдиевна

Преподаватель первой категории

ПЦК жетістіктері