• Mail Us
  • Call Us

«Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері» төсбелгісімен марапатталды!

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдық мерейтойына орай, Республика сарайында өткен «Соғады жүрек» атты әдеби-сазды кешті жоғарғы талғаммен ұйымдастырып, режиссёрлық тұрғыдан шебер еңбек еткені үшін - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі иегері, сахна тілі мен актерлік өнердің майталманы, ұстаз Малимова Асия Несіпбайқызы - ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев пен келіні Бақытгүл Айдарованың қолынан «Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері» төсбелгісімен марапатталды!

Бұл — өнер мен өлеңге адал қызметтің, шәкірт тәрбиелеудегі табандылықтың және ұлттық сахна мәдениетін дамыту жолындағы ерен еңбектің лайықты бағасы.
Ұстаз еңбегі ұлықталып, Мұқағали рухымен үндескен сәт — барша өнер қауымы үшін айрықша қуаныш болды.