Колледж директорының бос лауазымына орналасуға конкурс
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
1. Білім беру ұйымы туралы ақпарат
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Уәлиханов көшесі, 76.
Телефон: 8 (727) 291-83-03
Электрондық пошта: rezk_65@mail.ru
2. Лауазымдық міндеттері
- оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасау;
- оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оқу процесінің кестесін және ішкі тәртіп ережелерін бекіту;
- басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
- білім алушылар контингентін қалыптастыру және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
- тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және олардың жұмысына бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жұмысты үйлестіру;
- оқу-материалдық базаның сақталуын, есебін және толықтырылуын қамтамасыз ету;
- материалдық-техникалық базаны қайта жарақтау мен жаңғыртуды ұйымдастыру;
- педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасау;
- инновациялық білім беру технологияларын енгізуді қамтамасыз ету;
- кадрларды іріктеу, орналастыру және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
- қоғаммен, ата-аналармен және өзге ұйымдармен байланысты үйлестіру;
- әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
- оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері бойынша есеп ұсыну;
- еңбекті қорғау, техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
3. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары
- жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, не тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім;
- білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
- техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары не басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
- тиісті бейін бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық жұмыс өтілі кемінде бес жыл болуы мүмкін;
- бейіні бойынша әдістемелік кабинет немесе орталық басшысы не басшысының орынбасары қызметіндегі өтілі кемінде екі жыл;
- педагогтің тиісті біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы басшысының/басшы орынбасарының біліктілік санатының болуы.
4. Үміткер білуі тиіс
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
- «Білім туралы» заңды;
- «Педагог мәртебесі туралы» заңды;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды;
- «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңды;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» заңды;
- «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды;
- педагогика мен психология негіздерін;
- инновациялық басқару әдістерін;
- экономика және қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
- еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
- конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
- №075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Үміткер білімі, жұмыс өтілі және кәсіби даярлығы туралы қосымша құжаттарды, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдар мен біліктілікті арттыру туралы құжаттарды ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс, 676-кабинет.
☎ Толық ақпарат: +7 (7172) 74-04-59
✉ Электрондық пошта: l.kulzhabaeva@mki.gov.kz
📄 Ресми хабарландыруды ашу