• Mail Us
  • Call Us

Талапкерге құжаттар

Қажетті құжаттар тізімі

колледжге түсу үшін

📄 Негізгі құжаттар
  • ✔ ЭЦҚ кілті;
  • ✔ Өтініш (үлгі бойынша);
  • ✔ Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік;
  • ✔ 9-сыныпты бітірген талапкерлер үшін ата-анасының жеке куәлігі (көшірмесі);
  • ✔ Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • ✔ Музыкалық білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  • ✔ 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
  • ✔ Көк түсті папка-скоросшиватель;
  • ✔ Мінездеме (мектеп директорының қолы қойылған және мөрі басылған);
  • ✔ Әскери есепке тіркеу туралы куәлік (18 жасқа толған ер балалар үшін).
🏥 Медициналық құжаттар
  • ✔ №075/у медициналық анықтама (флюорография суреті);
  • ✔ «Вокалдық өнер» мамандығына түсетін талапкерлер үшін дауыс байламдарының жағдайы туралы фониатр дәрігерінің анықтамасы;
  • ✔ Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
  • ✔ «Хореографиялық өнер» және «Цирк өнері» мамандықтарына түсуші талапкерлер омыртқаның рентген суреттерін тапсырады: кеуде және бел бөліктері.
🎓 Жеңілдіктерді растайтын құжаттар
  • ✔ I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар.
  • ✔ Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер.
  • ✔ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, яғни қандастар.
  • ✔ Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.
  • ✔ Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
  • ✔ Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар.
  • ✔ Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды немесе I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
  • ✔ Белгіленген мерзімді әскери қызметін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Назар аударыңыз.

Құжаттарды тапсырар алдында олардың толық әрі дұрыс дайындалғанын алдын ала тексеру ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары колледждің қабылдау комиссиясына ұсынылады.