• Mail Us
  • Call Us

Талапкерлерге қойылатын талаптар

2026 оқу жылына арналған шығармашылық емтихан талаптары

02150100 – Аспаптық орындау / Халық аспаптары

Біліктілік: 4S02150103 – Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

Қабылданады: 9-сынып бітірген және балалар музыка мектебін, өнер мектебін аяқтаған талапкерлер.

Аспаптар: домбыра, жетіген, қылқобыз, сазсырнай, сыбызғы, шертер.

  • музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері;
  • бір төкпе күй және бір шертпе күй орындау;
  • сахнаға лайықты сымбат пен келбет.
02150100 – Аспаптық орындау / Эстрадалық аспаптар

Біліктілік: 4S02150104 – Эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы

Қабылданады: 9-сынып бітірген және өнер/музыка мектептерін аяқтаған талапкерлер.

Аспаптар: акустикалық гитара, бас-гитара, саксофон, тромбон, труба, электрогитара, фортепиано, ұрмалы аспаптар.

Негізгі талаптар:

  • жоғары музыкалық есту қабілеті;
  • музыкалық ырғақты сезіну;
  • музыкалық есте сақтау қабілеті;
  • шығармашылық фантазия және импровизациялық бейім;
  • сахнада өзін-өзі ұстауы, сахналық киімі;
  • орындалатын шығармалар мен авторлар туралы ақпарат.

Орындалатын бағдарлама:

  • гаммалар;
  • 1–2 этюд;
  • эстрада, джаз стильдерінде 1–2 пьеса.
02150300 – Вокалдық өнер / Дәстүрлі ән салу

Біліктілік: 4S02150302 – Дәстүрлі ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

Қабылданады: 9-сынып бітірген және өнер мектептерін аяқтаған талапкерлер.

  • қазақтың халық әндерін және халық композиторларының әндерін орындай білу;
  • Арқа, Жетісу, Сыр, Батыс Қазақстан әншілік-жыршылық мектептерінен хабардар болу;
  • домбыра, жетіген, қыл-қобыз, баян аспаптарында өзін сүйемелдеп ән айта білу;
  • музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері;
  • сахнаға сай келбет.

Бағдарлама: дауыс диапазонын көрсететін бір ән және өз қалауы бойынша бір ән.

02150300 – Вокалдық өнер / Эстрадалық ән салу

Біліктілік: 4S02150303 – Эстрадалық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

Қабылданады: 9 және 11-сынып бітірген талапкерлер.

Музыкалық және вокалдық талаптар:

  • музыкалық есту, ырғақты қайталау, дыбыстарды есте сақтау;
  • дауыс диапазоны кемінде 1,5 октава;
  • таза интонация, анық дикция;
  • әншілік тыныс алуды меңгеру;
  • сахнада өзін-өзі ұстау мәдениеті;
  • репертуар дауыс мүмкіндігіне сәйкес болуы керек.

Бой өлшемі: қыздар – 165 см жоғары, ұлдар – 170 см жоғары.

Бағдарлама:

  • қазақша ән;
  • орыс тіліндегі эстрадалық ән;
  • шетел тіліндегі эстрадалық ән;
  • 4 жол өлең, 5 жаңылтпаш, мысал оқу, заманауи би.
02150300 – Вокалдық өнер / Академиялық ән салу

Біліктілік: 4S02150301 – Академиялық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы

Қабылданады: 9-сынып бітірген талапкерлер.

  • жақсы музыкалық есту қабілеті;
  • ырғақтық сезім, таза интонация;
  • есте сақтау қабілеті және орындаушылық дарыны;
  • дауыс материалы және шығармашылық ой-өріс;
  • бойы 160 см-ден жоғары;
  • сөйлеу кемшіліктерінің болмауы;
  • фониаторда есепте болмауы.

Бағдарлама: қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні, сондай-ақ өз таңдауы бойынша шығарма.

02150500 – Актерлік өнер / Драма театрының әртісі

Біліктілік: 4S02150501 – Драма театрының әртісі

Қабылданады: 9-сынып бітірген талапкерлер.

Емтихан: талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

  • мәдени дәрежесі, ойлау қабілеті, суырыпсалмалық қасиеті;
  • сөз саптау талғамы, жігер-қажыры;
  • музыкалық қабілеті, дене қимыл-қозғалыс сымбаттылығы;
  • тілі мен дауысы таза болуы;
  • физиологиялық кемшілігі және тілінде дефект болмауы.

Бой өлшемі: қыздар – 160 см кем емес, ер балалар – 175 см кем емес.

Сахна тілі:

  • прозадан үзінді жатқа оқу;
  • поэзия жатқа оқу;
  • мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу.
02150500 – Актерлік өнер / Эстрада жанрының әртісі

Біліктілік: 4S02150505 – Эстрада жанрының әртісі

Қабылданады: 11-сынып бітірген талапкерлер.

Емтихан: талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

  • мәдени дәрежесі, ойлау қабілеті, суырыпсалмалық қасиеті;
  • сөз саптау талғамы, жігер-қажыры;
  • музыкалық қабілеті және дене қимыл-қозғалыс сымбаттылығы;
  • тілі мен дауысы таза болуы;
  • сахнаға лайықты түр-тұлға.

Бой өлшемі: қыздар – 160 см кем емес, ер балалар – 175 см кем емес.

Орындау:

  • прозадан үзінді жатқа оқу;
  • поэзия жатқа оқу;
  • мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу.
02150600 – Цирк өнері

Біліктілік: 4S02150601 – Цирк әртісі, цирк жанрларының оқытушысы

Қабылданады: 9-сынып бітірген және спорт мектептерін аяқтаған талапкерлер.

Кәсіби деректер:

  • денсаулығы туралы анықтама;
  • колледжде қосымша медициналық комиссиядан өту;
  • тері, созылмалы ауруларының болмауы;
  • омыртқаның қисаюы болмауы;
  • жүйке жүйесі, жүрек, өкпе және ішкі органдар саулығы;
  • үйлесімді дене құрылысы.

Емтихан талаптары:

  • пластика, шпагат, көпірше;
  • акробатика және көркем гимнастика элементтері;
  • алға, артқа айналу, баспен тұру, рондад, фляк;
  • музыкалық есту қабілеті;
  • пантомима, актер шеберлігі, цирк нөмірі болса көрсету.
02150700 – Хореографиялық өнер

Біліктілік: 4S02150702 – Би ансамблінің әртісі

Қабылданады: 9-сынып бітірген және өнер мектептерін, хореографиялық оқу орындарын аяқтаған талапкерлер.

Емтихан: талапкерлер екі шығармашылық емтихан тапсырады.

1. Сахналық қойылым:

  • қазақ биі, ұзақтығы 3 минуттан аспайды;
  • таңдауы бойынша би, ұзақтығы 3 минуттан аспайды;
  • музыка флешкада, мүмкіндігінше сахналық киіммен.

2. Кәсіби жарамдылық:

  • сахналық келбет және дене пропорциялары;
  • бойы 165 см төмен болмауы керек;
  • аяқтың бұрылуы, подъем, би қадамы;
  • икемділік, музыкалық ырғақ;
  • классикалық би экзерсисі: станок, зал ортасы, секіру, айналу.
Ескерту: Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.