• Mail Us
  • Call Us

Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі 07.061999 жылғы №389-1 «Білім туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.09.1999 ж. №1290 «Білім берудің мемлекеттік және жалпы міндетті стандарттарын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» қаулысымен 0409000 «Актер өнері» және 0410000 «Цирк өнері» мамандықтары бойынша Оқу әдістемелік бірлестік ретінде анықталды. Колледждегі оқу жұмысы ҚР БҒМ ТжКБ мекемелерінің қызметін ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
ОӘБ-тің негізгі мақсаты - ТИПО ұйымдарында білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды әзірлеу және үйлестіру, білім беру процесінің мазмұнын жаңарту, оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу және шолу, оқу-әдістемелік материалдар болып табылады.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 03.01.2002 ж. №1 бұйрығымен 0612002 «Актер өнері» және «Цирк өнері» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 2.06.078-2002) бекітілді. ҚР экономика және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті 2001 жылғы 14 желтоқсан №11-1-2/2223 хатымен келісілген.
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30.12. 2008 ж. №673 бұйрығымен 0409000«Актер өнері» мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (ҚР МЖМБС 4.05.002-2008) бекітілді. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2008 жылғы 21 шілдедегі №19-01-10-2/2-5523 хатымен келісілген.
  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 30.12.2010 ж. №587 бұйрығымен 0410000-Цирк өнері мамандықтары бойынша ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бекітілді.

2009 жылы ҚР БҒМ бекіткен (баспада) РЭЦК ОӘБ «Актер өнері» мамандығының 13 пәні бойынша 26 типтік білім беру оқу бағдарламаларын, «Цирк өнері» мамандығының 13 пәні бойынша 26 типтік білім беру оқу бағдарламаларын әзірледі.
ҚР БҒМ тапсырысы бойынша колледж оқытушылары 2010 жылы «Актер өнері» мамандығының келесі пәндері бойынша шығармашылық оқу орындары үшін оқу әдебиеттері әзірленді:
1. А.Малимова «Сахна тілі»;
2. Н.Садыбеков «Сахна қозғалысы»;

  • М.Утебаева «Қуыршақтармен жұмыс».

Колледждің оқу-әдістемелік бірлестігі ҚР Мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сәйкес және 29.11.2007ж. №583 Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру ережелеріне сай білім сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.
, 2018 жылы  «Кәсіпқор Холдинг» компаниясымен бірге 0409000 «Актер өнері» және 0410000 «Цирк өнері» мамандықтары бойынша модульдік оқыту технологиясы бойынша бағдарламалары әзірленді.
 ОӘБ жұмысының негізгі бағыттары болып табылатындар:

  • Оқу үдерісінде пайдаланылатын оқу-әдістемелік әдебиетті қарастыру және рецензиялау т.б.;
  • Оқытушылардың оқу-тәрбие қызметіндегі озат тәжірибені оқып-үйрену және тарату;
  • Колледж базасында ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру.

«Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжі» Оқу-әдістемелік бірлестігі келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  • техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы типтік оқу бағдарламаларын және бағдарламаларын жетілдіру және жаңарту, үлгілік оқу бағдарламаларын және типтік оқу бағдарламаларын;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу үдерісін жетілдіру бойынша конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;
  • техникалық пәндер, техникалық және кәсіптік білім беру бойынша оқу –әдістемелік құралдарды әзірлеуді ұйымдастырады;
  • студенттердің ғылыми-практикалық шығармашылығын ұйымдастыру тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу, мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру;
  • халықаралық республикалық конференцияларға қатысуға ұсыныстар
  • техникалық және кәсіптік білім беру курстарын әдістемелік қамтамасыз ету, колледж негізінде ұйымдастырылған мамандарды біліктілігін арттыру;
  • мамандарды даярлаудағы сапалы мониторингті ұйымдастыру, білім беру бағдарламаларында ақпараттық банк құру;
  • Оқу орындарын әдістемелік жұмысты және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру бойынша кездесулерді, семинарларды ұйымдастыру және өткізу;
  • ҚР нормативтік құқықтық актілер жүйесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге және өзге де құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;