• Mail Us
  • Call Us

АКТЕРЛІК ӨНЕР ПЦК-СІНІҢ ТАРИХЫ

«Актерлік өнер» бөлімінде оқитын студенттер «сөйлеу жанрының артисі», «қуыршақ театрының артисі», «драма театрының артисі» мамандықтары бойынша тәлім алады.

«Сөйлеу жанрының артисі» мамандығын меңгерем деп ниет білдірген алғашқы студенттер 1965 жылы қабылданды. Бұл топқа сол кездегі студия директоры, Мәскеуде Театр өнері институтының конферансье бөлімін тәмамдаған, қазақ әйелдері арасындағы тұңғыш көркемсөз оқу шебері Гүлжихан Ғалиева дәріс беріп, жетекшілік етті.  Топты бітірушілер Қазақконцерт, филармония, цирк және ән-би ансамбльдерінің концерттік бағдарламаларын жүргізетін кәсіби жүргізушілерлер болып, республиканың түкпір-түкпіріне аттанды.

Үш жылда бір рет шәкірт қабылданатын топқа Г. Ғалиеваның ізбасарлары ҚР Білім беру ісінің үздігі - Ә.Малимова мен  Н. Тәжікенов (Албан), Н. Садыбеков т.б. дәріс беріп, көркемсөз шеберлерін қалыптастыруға зор үлес қосуда. «Көркемсөз оқу шебері» тобының студенттері республиканың мәдени өмірінде болып жататын түрлі іс-шараларға белсене қатысады. 2012 жылы Мәскеуде өткен дәстүрлі Халықаралық «Чехов оқуларында» оқытушы Ә.Н. Малимованың шәкірттері үшінші орынды иеленіп лауреат және дипломант атанды. Таланттарына тәнті болған Ярославль мемлекеттік институты осы топтың тоғыз түлегіне Ресей Федерациясының мемлекеттік гранты негізінде 2012 жылдың қыркүйегінен бастап оқытып жатыр. 2015  жылдың   17-19 сәуір аралығында колледжде қазақтың ұлттық эстрада өнерінің көрнекті қайраткері, қазақ топырағынан шыққан тұңғыш көркемсөз шебері, Қазақ КСР-ң Халық әртісі Гүлжиһан Ғалиеваның өмірі мен қайталанбас мол рухани мұрасын жас ұрпаққа дәріптеу мақсатында,  жоғарғы өнер оқу орындары мен өнер колледждері студенттері арасында I-ші Халықаралық көркемсөз шеберлері  байқауын өткізді. Байқауға Ресей, Монғолия, Қытай, Қырғызстан елінен, Республика көлемінде: Астана, Алматы, Қызыл-Орда, Жамбыл, Қарағанды, Семей, Петропавл, Атырау, Көкшетау, Орал, Шымкент қалаларының өнер ордаларынан  үміткерлер қатысты. Колледжіміздің «Көркемсөз оқу шебері» бөлімінің 3 курс студенті Қанат Дәулет - Бас жүлдені иеленсе, Әбдіпатта Жанғали 3 орын - лауреат атағына ие болды. Ұстаздары Ә.Н.Малимова. Колледжімізде 1 қыркүйек  айында Гүлжиһан Ғалиеваның шеберханасы ашылды.

Топ шәкірттері Н.Манап, А.Қанапия, Б.Қанат, М.Төлепберген, Е.Махин, Ж.Қалжанова, Б.Манатбекұлы т.б. республикалық, облыстық, қалалық теле - радио арналары арқылы танымал болған өнер иелері жемісті еңбек етуде.

«Қуыршақ театрының артисі» деп аталатын топ 1975 жылы ашылды. Арнайы шақыртылған КСРО Еңбек сіңірген артисі Павел Ильич Поторока топқа 20 жылдан астам уақыт жетекшілік жасап, ұстаздық қызмет атқарды. Бұл топқа да шәкірттер үш жылда бір рет қабылданады. Түлектердің күшімен Қазақстанның сегіз қаласында қуыршақ театрлары ашылды. Республиканың қуыршақ театрларында қызмет атқаратын актерлардың 80 пайызы - осы оқу орнының түлектері. Топтың қалыптасып, дамуына ҚР Халық артисі Қ.Х.Ешмұхамбетова; ҚР Халық артисі С.Шукуро, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Т.Жургенов атындағы өнер академиясының профессоры С.Мақұлбеков  айтулы үлес қосты.

Топ жетекшісі, «Актерлік өнер» бөлімінің меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері Өтебаева Майса Омарбекқызы ұстазы П.И.Потороканың үлгісімен қабілетті шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүр.

1995 жылы Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде «Драма театрының артистерін» дайындау тобы ашылды. Алғашқы жетекшісі - Т.Жургенов атындағы Ұлттық Өнер академиясының профессоры, режиссер Әубәкір Рақымов. 1996-2008 жж. аралығында топқа ҚР Халық артисі Бәйтен Омаров жетекшілік етті.

2003 жылы Б.Омаров және М. Өтебаева  бірлесіп колледждің «Актер» бөлімі студенттерімен  «Жас талант» оқу театрын құрды.

«Жас талант» оқу театры 2004 жылдын қарашасында Астана қаласында облыстық және қалалық 16 театр арасында өткен халықаралық «Шабыт» фестивалінде Ст.Цвейгтің «Бейтаныс әйелдің хаты» атты қойылымымен лауреат  атанса, 2010 жылы режиссер А.Тоқпановтың 95-жылдығына арналған  театр фестивалінде С.Қасымбектің «Аялашы мені» қойылымымен бас жүлдені иеленді.

2011 жылдан бері РЭЦК-де екі жылда бір рет республикалық Б.Омаров атындағы колледжаралық театр фестивалі өткізіліп тұрады.

Топты бітірген шәкірттердің көпшілігі облыстық, академиялық театрларда актерлік қызметтерін жалғастыруда. Біздің бөлімде Қазақстанның Өнер қайраткері, Т.Жургенов атындағы өнер академиясының профессоры Жанат Хаджиев, ҚР Еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Рашида Хаджиева, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерен еңбегі» медалінің иегері, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ә. Мамбетова дәріс оқиды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген  қайраткері «Ерен еңбегі» медалінің иегері Г.А. Белжанова. Құрмет орденінің иегері - М.Ю. Изимов, Қазақстанның Еңбек сіңірген  артисі, Құрмет орденінің иегері  Б.Көжебаев, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Э.С. Сұлтанғалиева,  Ж.К. Айжол, Н.Ә. Садыбеков, К. Нысанбаева, А. Ахмет, М.Тоқтағанова, О. Қашағанова, Д.С. Бейсембаева сынды тағлымы мол ұстаздар сабақ береді.

ПЦК оқытушылары

Утебаева Майса Омарбековна

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР мәдениет қайраткері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері, оқытушы.

Абылхайырова Жазира

ҚР мәдениет саласының үздігі. «Қазақ мәдениетінің қайраткері». (ПЦК төрағасы), оқытушы.

Ахметова Жазира Әміржанқызы

«Мәдениет саласының үздігі», Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Айжол Ж. К.

ҚР мәдениет саласының үздігі, Өнер магистрі. Оқытушы

Мәлімова Әсия Несіпбайқызы

«ҚР мәдениет саласының үздігі», «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің иегері»

Есеналиев Т. Қ.

«ҚР мәдениет саласыныі үздігі», Өнертану ғылымдарының магистрі, оқытушы.

Семейова Айнур Тасболатқызы

Өнертану ғылымдарының магистрі. Оқытушы.

Тушаев Б. Ә.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Қуыршақ» театрының шығармашылық зам директоры, Ғ. Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының актері, режиссер, Магистр, оқытушы.

Бейсенбек Е. А.

Магистр, оқытушы.

Тәжікенов Н.Б

Оқытушы

Молдашева А.М

Магистр, оқытушы

Иманкулов А.Б

Оқытушы