Талапкерге құжаттар
Қажетті құжаттар тізімі
колледжге түсу үшін
📄 Негізгі құжаттар
- ✔ ЭЦҚ кілті;
- ✔ Өтініш (үлгі бойынша);
- ✔ Жеке куәлік немесе туу туралы куәлік;
- ✔ 9-сыныпты бітірген талапкерлер үшін ата-анасының жеке куәлігі (көшірмесі);
- ✔ Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- ✔ Музыкалық білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
- ✔ 3×4 өлшеміндегі фотосурет (6 дана);
- ✔ Көк түсті папка-скоросшиватель;
- ✔ Мінездеме (мектеп директорының қолы қойылған және мөрі басылған);
- ✔ Әскери есепке тіркеу туралы куәлік (18 жасқа толған ер балалар үшін).
🏥 Медициналық құжаттар
- ✔ №075/у медициналық анықтама (флюорография суреті);
- ✔ «Вокалдық өнер» мамандығына түсетін талапкерлер үшін дауыс байламдарының жағдайы туралы фониатр дәрігерінің анықтамасы;
- ✔ Психоневрологиялық диспансерден анықтама;
- ✔ «Хореографиялық өнер» және «Цирк өнері» мамандықтарына түсуші талапкерлер омыртқаның рентген суреттерін тапсырады: кеуде және бел бөліктері.
🎓 Жеңілдіктерді растайтын құжаттар
- ✔ I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар.
- ✔ Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлер.
- ✔ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, яғни қандастар.
- ✔ Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.
- ✔ Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
- ✔ Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар.
- ✔ Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды немесе I, II топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар.
- ✔ Белгіленген мерзімді әскери қызметін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Назар аударыңыз.
Құжаттарды тапсырар алдында олардың толық әрі дұрыс дайындалғанын алдын ала тексеру ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары колледждің қабылдау комиссиясына ұсынылады.
Copyrights 2018. YG Logistics Theme. All Rights Reserved.
Theme By Drupal Developers Studio, A Division of Young Globes