МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И СПОРТА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
  • Позвоните нам
  • +7 (727) 291-83-03
    +7 (727) 291-83-53

РГКП «РЕСПУБЛИКАНСКИЙ ЭСТРАДНО-ЦИРКОВОЙ КОЛЛЕДЖ
ИМЕНИ ЖУСИПБЕКА ЕЛЕБЕКОВА»

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Бүгін Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің ұлағатты ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтебаева Майса Омарбекқызының туған күні! ⠀ 🌷Құрметті Майса ханым, Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бірінші кезекте Сізге ұзақ өмір тілегіміз келеді.  ⠀ 🌷Өнер жолында қалтқысыз қызмет етіп, колледжіміздің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіз. Ұлағатты ұстаз ретінде жастардың қабілет көзін ашып, биіктерге самғауына қосқан үлесіңіз де өз алдына бір төбе.  🌷Әрбір шәкіртіңіздің тілін тауып, олардың болашаққа нық сеніммен қадам басуына ықпал ете білдіңіз. Біліміңіз бен жиған тәжірибеңізді қоса аянбай бөлісіп, ел аузында «үздік, әрі талапшыл ұстаз» деген атпен жатталдыңыз. ⠀ 🌷Лайым қуанышты күндеріңіз, шаттыққа толы сәттеріңіз көп болсын! Жанұяңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Алдағы уақытта да еселі еңбегіңіз берекелі болып, шабытыңыз арта берсін! 🌷🌷🌷 Құрметпен: Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің ұжымы!