Нормативные документы
02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) мамандығы
4S02150103 - «Халық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері) бітірген талапкерлер қабылданады.
Шығармашылық емтихан талаптары
Домбыра аспабында ойнайтын күйшілік өнер мамандығы
Емтихан комиссиясы табиғи деректер мен кәсіби қасиеттердің болуын келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
1. Музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше талапкер болуы тиіс;
2. Бір төкпе күй, бір шертпе күй орындауы шарт;
3. Жас ерекшелігі: 9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады;
4. Балалар музыка мектебін бітірген талапкер болуы тиіс;
5. Сымбатты да, келбетті болуы шарт.
Ескерту: Жетіген, шертер, сазсырнай, сыбызғы, баян, қылқобыз аспабында орындаушыларға да осындай талаптар қойылады.
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150100 Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша) мамандығы
4S02150104 - «Эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер), балалар музыка мектебінің оқытушысы» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері) бітірген талапкерлер қабылданады.
Шығармашылық емтихан талаптары
Емтихан комиссиясы табиғи деректер мен кәсіби қасиеттердің болуын келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
Аспаптар |
Талаптар |
|
10.Эстрада, джаз стильдерінде 1-2 пьеса.
|
7. Фортепиано
|
10. Күрделі форма (Соната І б, немесе ІІ, ІІІ б.); 11. Эстрада, джаз стильдерінде 1-2 пьеса. |
8. Ұрмалы аспаптар |
|
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150300 Вокалдық өнер мамандығы
4S02150302 - «Дәстүрлі ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері) бітірген талапкерлер қабылданады.
Шығармашылық емтихан талаптары
Емтихан комиссиясы табиғи деректер мен кәсіби қасиеттердің болуын келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
1. Қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін айта алатын, Арқа, Жетісу, Сыр, Батыс Қазақстан дәстүрлі әншілік-жыршылық мектептерінен хабары болуы тиіс;
2. Дауыс диапазонын көрсете алатын, кең тынысты екі ән орындалуы шарт;
3. Домбыра, қобыз, сырнай, жетіген аспаптарында өзін сүйемелдеп ән айта білуі керек;
4. Музыкалық есте сақтау, есту, ырғақты сезіну қабілеттері бар ерекше талапкер болуы тиіс;
5. Сымбатты да келбетті болуы шарт.
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150300 Вокалдық өнер мамандығы
4S02150303 - «Эстрадалық ән салу әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып), жалпы орта білімі бар (11 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын бітірген талапкерлер қабылданады.
|
Музыкалық қабілеттер: - фортепианода орындалған немесе оқытушы айтқан жеке дыбыстар мен әуендерді есте сақтаңыз және дауыстап қайталаңыз (ән айтыңыз) ; - фортепианода бір уақытта орындалатын дыбыстардың санын есту арқылы анықтаңыз (музыкалық интервал – 2 дыбыс, аккорд-3 дыбыс, 4 дыбыс); - оқытушы ұсынған ырғақты қолыңызбен қайталаңыз (түртіңіз).
|
|
Вокалдық деректер: - дауыстық деректердің көлемі, дауыстың дыбысталу күші, дыбыстың ұшуы және т. б. ескеріледі. - шамадан тыс дірілсіз дауыстың әдемі тембрлік түсі («тербеліс», «діріл») - әншінің дауыс диапазоны (жеткілікті дамыған және құрамында кемінде бір жарым октава болуы керек) - интонацияның тазалығы, есту координациясының айқындылығы - дауысты дыбыстардың дауысы - әншілік тыныс алуды меңгеру (тыныс алудың аралас түрін қолдана білуді, сондай-ақ ұзақ әуезді сөз тіркестерін орындау кезінде дем шығаруды дұрыс, біртіндеп бөлуді қамтиды) - орындау техникасы (дауысты меңгеру және басқару қабілеті, сондай-ақ жұмыста кездесетін қажетті техникалық қиындықтарды орындау.) - дикция анық және мәнерлі болуы керек. Сөйлеудің қандай да бір ақауларының болуына жол берілмейді - шығарманы орындаудың мәнерлілігі, әншінің қажетті және дәл көркемдік бейнесін жасау - әншінің сахнада қалу қабілеті, сахналық мінез-құлық мәдениеті бағаланады - репертуардың күрделілігі әншінің дауыстық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі керек. |
|
Қойылатын талаптарға сай бой өлшемі: - қыздар үшін 165 см-ден жоғары; - ұлдар үшін 170 см-ден жоғары болуы шарт; |
|
Талапкер фонограммамен (минус) алғашқы тыңдауда: - Қазақтың халық әні; - Эстрадалық ән (орыс тілінде); - Әлемдік эстрада әншілерінің репертуарынан ән орындап беруі керек; (ағылшын, француз, итальян т.б.). |
|
Талапкерлердің дикциясын тексеру мақсатында: - Төрт жол өлең оқып беру; - Жаңылтпаштар айту-5 (бес); - Мысал (басня) оқу. |
Шығармашылық емтихан талаптары
- Талапкердің музыкалық есту қабілеті қалыптасқан, жағымды, анық, ашық дауысы, анық дикциясы болуы шарт;
2. Эстрада әртісіне тән сырт келбеті, бой өлшемі эстрада әртісіне қойылатын талаптарға сай:
- қыздар үшін 165 см-ден жоғары;
- ұлдар үшін 170 см-ден жоғары болуы шарт;
3. Музыкалық есте сақтау, есту қабілеттері, ырғақты сезіне білуі жоғары деңгейде болуы керек;
4. Талапкер фонограммамен (минус) алғашқы тыңдауда:
- Қазақтың халық әні;
- Эстрадалық ән (орыс тілінде);
- Әлемдік эстрада әншілерінің репертуарынан ән орындап беруі керек; (ағылшын, француз, итальян т.б.).
5.Талапкерлердің дикциясын тексеру мақсатында:
- Төрт жол өлең оқып беру;
- Жаңылтпаштар айту-5 (бес);
- Мысал (басня) оқу.
Жас ерекшелігі
9, 11 сынып бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150300 Вокалдық өнер мамандығы
4S02150304 - «Хор әртісі» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері) бітірген талапкерлер қабылданады.
Шығармашылық емтихан талаптары
Музыкалық қабілеттер
1. Музыкалық есту қабілеті жақсы;
2. Ырғақтық сезімі болу керек;
3. Таза интонация;
4. Есте сақтау қабілеті жетілген;
5. Орындаушылық дарыны болуы керек;
6. Дауыс материалы болуы тиіс;
7. Шығармашылық ой өрісі дамыған.
Физиологиялық ерекшеліктер
1. Бойы 160 см-ден жоғары;
2. Тістері түзу, сөйлеу кемшіліктері жоқ;
3. Психологиялық және физиологиялық жағдайы қалыпты;
4. Сыртқы келбеті сахнаға сай;
5. Фониаторда есепте болмауы тиіс.
Орындалатын бағдарлама
1. Қазақ халық әні немесе халық композиторларының әні (Естай, Мұхит, Жаяу Мұса, Ақан сері....);
2. Өз таңдауындағы шығарма (ән, романс).
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150500 Актерлік өнер мамандығы
4S02150504 - «Сөз сөйлеу жанрының әртісі» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері) бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады.
Бастапқы шығармашылық байқау
Талапкер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау қисынын, талғамын, жігер-қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын көрсете білуі шарт. Тілі мен дауысы таза болуы керек. Талапкерлердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, музыкалық қабілеті, ән айтуға бейімділігі, сахналық көркемділігі болуы қажет.
- Қыз балалардың бойы 160 см-ден кем болмауы тиіс;
- Ер балалардың бойы 170 см-ден кем болмауы тиіс.
Шығармашылық емтихандар
- Актер шеберлігі (этюд, пластика).
- Сахна тілі
«Актер шеберлігі» емтиханы бойынша талаптар
Этюд
Талапкерге зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Аяқ астынан ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі.
Талапкердің орындауында:
- этюд (өмірдегі көріністерден сахналанған өзінің шығармашылық көріністері).
Пластика
Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсініп, бойына сіңіріп, қимыл-қозғалыс жасауы, биге бейімділігі тексеріледі. Талапкер қимыл координациясын, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар көрсетеді.
Талапкердің орындауында:
- Би түрлері (халықтар биі, классикалық би, жастар биі);
- Ырғақты билер (брэйк, рок-н-ролл);
- Акробатикалық элементтері.
«Сахна тілі» емтиханы бойынша талаптар
Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. Талапкер автордың айтайын деген ойын, талап-тілегін тыңдаушысына толық жеткізе білуі керек: тілдің таза, дауыстарының ашық, ойларының анық болуы шарт. Талапкердің орындауында:
- прозадан (үзіндіні жатқа оқу);
- поэзия (жатқа оқу);
- мысал-сықақ әңгімелерден үзінді оқу.
Талапкерлердің музыкалық қабілетін тексеру мақсатында, вокалдық мүмкіндігі тексеріледі.
Әннің мазмұнын толық ашып, темпін, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауы тиіс. Талапкердің орындауында:
- Қазақ, орыс және шетел композиторларының әндері.
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150600 Цирк өнері мамандығы
4S02150601 - «Цирк әртісі, цирк жанрларының оқытушысы» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (спорт мектептерін) бітірген талапкерлер қабылданады.
Кәсіби деректер
1. Денсаулығы туралы анықтама;
2. Колледжде медициналық комиссиядан қосымша өту;
3. Тері, созылмалы ауруларының болмауы;
4. Омыртқаның қисаюы (сколиоз) болмауы;
5. Жүйке жүйесінің саулығы;
6. Жүрек, өкпе, ішкі органдарының саулығы анықталады;
7. Талапкердің психофизиологиялық ерекшеліктері анықталады.
8. Сымбатты, келбетті, үйлесімді дене құрылысы;
Шығармашылық емтихан талаптары
1. Пластика, шпагат, көпірше (мостик);
2. Акробатика және көркем гимнастика бастауыш элементтерін иелену;
3. Алға, артқа айнала білу (кувырок), баспен тұру, рондад, фляк;
4. Әуенді есту қабілеті болуы тиіс.
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттаңарлықсыз) деген баға алса немесе себебсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.
02150700 Хореографиялық өнері мамандығы
4S02150702 – «Би ансамблі әртісі» біліктілігі бойынша конкурстық іріктеу арқылы негізгі орта білімі бар (9 сынып) және мамандандырылған оқу орындарын (өнер мектептері, аттестатталған хореографиялық оқу орындары) бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкерлер 2 шығармашылық емтихан тапсырады.
«Кәсіби жарамдылық» емтиханы бойынша талаптар
Емтихан комиссиясы табиғи деректер мен кәсіби қасиеттердің болуын келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:
- сыртқы келбеті немесе болашақ артистің сахналық көркемділігі (дененің физиологиялық пропорциялары, сыртқы келбеті); бойы 165 см төмен болмауы керек
- аяқтың бұрылуы;
- подъем;
- би қадамы;
- икемділік;
- музыкалық ырғақ;
- классикалық би экзерсисі: станок, зал ортасы, секіру, айналу.
«Сахналық қойылым» емтиханы бойынша талаптар
Талапкер алдын ала дайындаған 3 минуттан аспайтын екі би ұсынады:
- Қазақ биі (музыкасы флешкада, мүмкіндігінше сахналық киімімен);
- Таңдауы бойынша би (музыкасы флешкада, мүмкіндігінше сахналық киімімен).
Жас ерекшелігі
9 сыныпты бітірген талапкерлер қабылданады.
Талапкер шығармашылық емтиханнан «2» (қанағаттанарлықсыз) деген баға алса немесе себепсіз келмесе, шығармашылық емтиханнан өтпеді деп саналады.