• Mail Us
  • Call Us

Біз кімбіз

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-і

Коммунальное государственное учреждение «Центр социальных услуг «Аяла» Управления социального благосостояния города Алматы является некоммерческой медико-социальной организацией, обладающей статусом коммунального юридического лица

Құрылған жылы: 2005 жыл (аумақтық орталық ретінде 1989 жылдан жұмыс жасайды)

Мекенжайы: Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Райымбек даңғылы, 176А үй

Ғимараттың жалпы көлемі: 950 шаршы метр (ғимарат жалға алынған)

Басшы: Дуйсенбаева Нургайым Токановна

МӘМ жобалық қуаты: 220 қызмет алушы

Қызмет түрі: жартылай стационарлық үлгіде күндіз болу және үй жағдайында  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету

Қызмет алушылардың санаты: психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балалар және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан тұлғалар

Қызмет алушы тұлғалардың саны: 215 қызмет алушы

Қызметкерлердің штаттық саны: 105,5 бірлік

Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-і жартылай стационарлық үлгіде және үйде қызмет көрсету жағдайында, күндізгі уақытта ұзақ немесе уақытша болуға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қажет ететін, ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мекеме ретінде құрылған коммуналдық заңды тұлға мәртебесі бар, коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік ұйым болып табылады (әрі қарай-қызмет алушылар).

Орталықта төрт бөлімше жұмыс жасайды:

  1. Психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі;
  2. Психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар жандарға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі;
  3. Психоневрологиялық аурулары бар 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі және 18 жастан асқан тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған жартылай стационарлық үлгіде күндіз болу бөлімшесі;
  4. Арнаулы әлеуметтік қызметтің қажеттілігін айқындау мен бағалау бойынша бөлімшесі.

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-ң негізгі мақсаты, әрбір қызмет алушының жеке дамуын-әлеуметтенуін, тұрмысқа бейімделуін, қоғамға интеграциялануы мен оңалтуын ескере отырып, жартылай стационарлық үлгіде және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтерді тиімді және сапалы көрсету болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен  психоневрологиялық ауытқулары бар 18 жастан асқан тұлғалар әрдайым бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж. Оларға әлеуметтік-бейімделу және  түзету-даму көмектері көрсетіледі. Балалармен  мынадай мамандар жұмыс жасайды: деффектолог мұғалімі, логопед, психолог, массажист, емдік дене шынықтыру инструкторы және өзге мамандар. Орталық мамандары жұмысының арқасында  балалардың дамуында айтарлықтай өзгеріс бар.

Жартылай стационарлық үлгідегі күндіз болу бөлімшесінде, массаж қызметі атқарылады және де мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту мен бейімдеу бойынша әртүрлі қызмет түрлері бар. Кешенді көмек жан-жақты ұйымдастырылған, яғни әрбір балаға бағытталған. Ұжым жұмысының басты ерекшелігі,  маман мен бала арасындағы өзара түсіністікті, сенімділік пен қабылдау атмосферасын қалыптастыру.

Сабақ түрлері: жеке сабақ, топпен өтетін сабақ, ата-аналарына баламен қалай жұмыс жасау керектігін үйретуде кеңес беру, яғни түзетуді ұйымдастыруда отбасылық-орталықтандырылған көзқарас таныту. Сабақтар құрамдастырылып өтеді, оқытушы баламен жұмыс жасағанда бір тәсілден екінші тәсілге икемді ауысады. Жағымды уәждеме сәтті қалыптастыру үшін, балаларды оқытуда бұл сабақтар ойын ретінде жүргізіледі.

Орталықта: дәрігерлер кабинеті, массаж кабинеті, ЕДШ кабинеті, физиокабинет, сезімдік кабинет, логопед кабинеті, дефектолог мұғалімі кабинеті, еңбек терапиясы кабинеті, дене шынықтыру кабинеті, музыка сыныбы, оқу сыныбы, әлеуметтік тұрмыс бағдар кабинеті, компьютерлік сынып кабинеті бар.

Мүгедектігі бар 18 жастан асқан тұлғалар мен балаларға үйде қызмет көрсету, үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету Стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Үйде қызмет көрсететін әрбір маманға 4-6 баладан және мүмкіндігі шектеулі 18 жастан асқан тұлғалар беріледі. Мамандар, ата-анаға баламен және 18 жастан асқан тұлғалармен түзету жұмыстарын жүргізу әдістері мен тәсілдерін үйретеді және де қоғамға мүгедектердің бейімделуін, оңалту шараларын жүзеге асыру бойынша ата-анамен жұмыс жасайды, отбасы арасындағы қарым-қатынасты зерттейді,  отбасында ата-анасының және өзге тұлғалардың мүгедекке деген көзқарасын жақсарту үшін моральдық-психологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар балалардың оқуы мен демалысын ұйымдастырады, демалыс саябағына серуенге шығады, медициналық мекемелерге апарады, отбасының қала мекемелеріндегі әртүрлі мәселелерін шешіп береді.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 26.03.2015 жылғы №165 Жарлығымен бекітілген үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес, мамандар сегіз түрлі арнаулы әлеуметтік көмек: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық көрсетеді.

Әлеуметтік-тұрмыстық: денсаулығына зиян келтірмей, физикалық немесе моральдық азап көрсетпей, төсек тартып жатқан, қадағалауда тұрған қызмет алушылардың өздігінен гигиеналық тұрғыдан және денсаулығының жағдайына байланысты күнделікті жеке өзіне күтім жасай алмайтындықтан әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді (қызмет көрсеткенде, қызмет көрсетушілер қызмет алушыларға ерекше дұрыс қызмет көрсетуі қажет); жеке және әлеуметтік күйін қалпына келтіретін қолдын икемі мен еңбек машығын қалыптастыру үшін, аурудың және (немесе) мүгедектік сипатын, қызмет алушының физикалық жағдайын ескере отырып, тәрбиелеу мен оқыту барысында олар үшін сәйкес ыңғайлы жағдай жасайды; балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларды өзін-өзі күту дағдыларына, тұрмыстық бағдар негіздерін (тамақ дайындау, үстелді әсемдеу, ыдыстарды жуу, бөлмені жинастыру және өзге керекті дағдыларды) үйрету үшін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайға бағдарланған кабинеттер құрылды, олар қажетті тұрмыстық техникамен, жиһазбен  жабдықталған.

Әлеуметтік-медициналық: ауруларының сипатын, медициналық көрсетілімдерді, физикалық және психикалық жағдайларын ескере отырып, әлеуметтік-медициналық қызмет алуда, қызмет алушыларға уақытылы және қажетті көлемде көмек көрсетіледі; сонымен қатар әлеуметтік-медициналық мәселелерді (тамақтану және тұрмыс гигиенасы, артық салмақтан, зиян  әдеттен арылу, әртүрлі аурудың алдын-алу, психосексуалды консультация алу, жас ерекшелікке бейімделу, жас ерекшелік өзгерістер мен медициналық сипаттағы сұрақтарды) шешуде консультация беру, алда тұрған әлеуметтік-медициналық мәселелерді дұрыс шешу мен түсінуді қамтамасыз етеді. Санитарлық-гигиеналық құралдарды және оңалту құралдарын алуға көмектесу:  далаға, үйге арналған кресло-коляска, жүріс арбасы, ортопедиялық бұйымдар, туторлар және тағы басқа заттар.

Әлеуметтік-психологиялық: психологиялық диагностика және тұлғаны зерттеу; әлеуметтік-психологиялық патронаж (жүйелі түрде бақылау жасау); мүгедектер мен қартттармен профилактикалық жұмыс жүргізу;  шұғыл психологиялық (соның ішінде телефон арқылы) көмек көрсету; қызмет алушыларға психологиялық көмек көрсету, соның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау, көңілін көтеру, белсенді болуына ықпал ету; психологиялық тренингтер өткізу; қолайлы психологиялық  жағдайды қамтамасыз ету үшін отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету,  қақтығыс жағдайларын болдырмау және жою.

Әлеуметтік-педагогикалық:  балалар мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларда, он сегіз жастан асқан тұлғаларда өз-өзін күту дағдыларын, жеке бас гигиенасын, қимыл, сенсорлық және когнитивтік дағдыларды қалыптастырып іс жүзінде көмек көрсету, олардың әлеуметтік-педагогикалық бейімделуіне, білім деңгейіне, физикалық және психикалық жағдайына қарай жүзеге асырылады.

Әлеуметтік-еңбек: емдік-еңбек қызметін жүргізу, арнайы ұйымдастырылған кабинеттерде өтеді және де жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда, олардың денсаулығына қарай он сегіз жастан асқан тұлғалар мен мүгедектердің күшіне сай еңбек дағдыларын қалыптастыру үшін  әртүрлі нысанда қызмет көрсету үшін жағдай жасалған, сонымен қатар қартттар мен он сегіз жастан асқан тұлғалардың жойылған тұрмыстық дағдыларын қалпына келтіру бойынша жеке немесе фронтальды сабақтар ұйымдастырылады.

Әлеуметтік-мәдени:  мерекелерді, мерейтойларды, туған күндерді, экскурсияларға, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге, өзге мәдени шараларға бару, көркемөнерпаздар үйірмелерін ұйымдастыру, қызмет алушылардың мәдени және рухани қажеттілігі мен қарым-қатынас аясын  қанағаттандыруға бағытталған.

Әлеуметтік-құқықтық: арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуда,  заңды түрде кеңес беру және әлеуметтік қамтамасыз ету құқығымен байланысты сұрақтарды шешу Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес  ұсынылады.

Әлеуметтік-экономикалық: қызмет алушы үшін қызығушылық тудыратын мәселелерді шешуде, яғни тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды және сәйкес төлемдерді алуда көмек көрсету, уақтылы, толық, білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз ету жатады.

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ-і Алматы қаласының филиалы «Спешиал Олимпикс Казахстан» АҚ және «Тұлпар» ат клубымен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты, онда қызмет алушылар  сауықтану және оңалу үшін жүзу бассейініне, ипподромға және теннистік кортқа барады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы білім басқармасы «Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК-мен, «Туризм индустриясы және қонақжайлылық колледжі» КМҚК-мен және «Алматы технология және флористика колледжі» КМҚК-мен  өзара ынтымақтастық жасасты.

Орталық көптеген әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарады.

 

Дуйсенбаева Нургайым Токановна

Дуйсенбаева Нургайым Токановна

Біздің іс-әрекетіміз

Алматы қаласы Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, коммуналдық заңды тұлға мәртебесіндегі коммерциялық емес медициналық-әлеуметтік ұйым болып табылады. жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге және үйде қызмет көрсетуге мұқтаж адамдарға күндізгі уақытта ұзақ мерзімді немесе уақытша болуға және үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мекеме (бұдан әрі - қызмет алушы ретінде).

Біздің мақсатымыз

«Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты – әрбір қызмет алушының тұлғалық дамуын ескере отырып, үйде және жартылай стационар жағдайында сапалы және тиімді арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету – әлеуметтену, күнделікті өмірге бейімделу, оңалту және қоғамға интеграциялау.

Біз туралы пікірлер

Біз туралы пікірлер

Партнеры и спонсоры

clients
clients
clients
clients
clients