• Mail Us
  • Call Us

Бос лауазымдарға конкурс жарияланады

Алматы қаласы «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК педагогтер мен қызметкерлердің бос және уақытша бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

📢 Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 26 тамызға дейін.
📍 Мекенжай Бөгенбай батыр көшесі, 103/76
☎ Телефон 8 (727) 291-83-03
✉ Электрондық пошта rezk_65@mail.ru
📚 «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» ПЦК
Бос лауазым Ставка
1 Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы 1,05
2 Математика пәнінің оқытушысы 1,14
3 Графика пәнінің оқытушысы 0,57
4 Философия пәнінің оқытушысы 0,75
🎭 «Актер өнері» ПЦК
Бос лауазым Ставка
5 Актер шеберлігі пәнінің оқытушысы 1,00
6 Әлем әдебиеті пәнінің оқытушысы 0,25
7 Жалпы вокал пәніне сүйемелдеуші 0,78
8 Радио ТВ жүргізу пәнінің оқытушысы 0,45
🎹 «Міндетті фортепиано» ПЦК
Бос лауазым Ставка
9 Фортепиано пәнінің оқытушысы 2,55
🪕 «Халық әні және аспаптар» ПЦК
Бос лауазым Ставка
10 Сүйемелдеуші 0,70
29 Шертер пәнінің оқытушысы 0,80
30 Сыбызғы пәнінің оқытушысы 0,20
31 Қосымша аспап, туыстас аспап пәндерінің оқытушысы (шертер, баян, сыбызғы) 0,83
32 Сүйемелдеуші 0,70
🎤 «Жеке ән салу» ПЦК
Бос лауазым Ставка
11 Жеке ән салу пәніне сүйемелдеуші 1,80
12 Дирижерлік ету негіздері пәніне сүйемелдеуші 0,24
13 Хор сыныбы пәніне сүйемелдеуші 0,30
🎸 «Эстрадалық аспаптар» ПЦК
Бос лауазым Ставка
14 Акустикалық гитара пәнінің оқытушысы 0,40
15 Орындаушылық өнер тарихы пәнінің оқытушысы 0,10
16 Аспапта оқу әдістемесі пәнінің оқытушысы 0,20
17 БММ репертуарын үйрену пәнінің оқытушысы 0,10
18 Сүйемелдеуші 0,60
19 Ұрмалы аспап 1,00
🎪 «Цирк өнері» ПЦК
Бос лауазым Ставка
20 Жонглирлеу пәнінің оқытушысы 0,52
21 Алғашқы кәсіптік дағдыға арналған практика (өндірістік оқыту) оқытушысы 0,80
22 Кәсіптік дағдыны бекіту бойынша практика оқытушысы 0,45
23 Гимнастика пәнінің оқытушысы 0,52
24 Мамандықтар бейіні бойынша практика (технологиялық) пәнінің оқытушысы 0,55
25 Цирктегі еңбекті қорғау және өмір қауіпсіздігі оқытушысы 0,15
26 Цирк тарихы пәнінің оқытушысы 0,21
27 Бос сымдағы эквилибр пәнінің оқытушысы 0,21
28 Цирк жанрын оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы 0,21
💃 «Хореография өнері» ПЦК
Бос лауазым Ставка
33 Сүйемелдеуші 1,00
📑 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш және кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы.
  4. Біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері.
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
  6. Жеке медициналық кітапша.
  7. Психикалық, неврологиялық бұзушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама.
  8. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама.
  9. Соттылығы жоқ туралы анықтама.
  10. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса).
  11. Ағылшын тілі педагогтері үшін тиісті пәндік сертификаттау құжаттары немесе халықаралық сертификаттар (бар болса).
  12. Жұмыс орнынан, ал педагог лауазымы бойынша — оқу орнынан ұсыныс хат.
  13. Білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі, ғылыми атақтары, дәрежелері, марапаттары туралы қосымша ақпарат (бар болса).
📊 Кандидаттарды бағалау

Кандидаттың бағалау парағында білім деңгейі, ғылыми дәреже, біліктілік санаты, әкімшілік және әдістемелік жұмыс тәжірибесі, ұсыным хаттар, кәсіби жетістіктер, қоғамдық-педагогикалық қызмет және біліктілікті арттыру көрсеткіштері ескеріледі.

Бағалау парағының толық нұсқасын төмендегі батырма арқылы жүктеуге болады.

Назар аударыңыз: құжаттарды белгіленген мерзімнен кешіктірмей тапсыруыңызды сұраймыз. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні — 26 тамыз 2026 жыл.
раздел

Колледж директорының бос лауазымына орналасуға конкурс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» РМҚК директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

📍 Колледждің мекенжайы Алматы қаласы, Уәлиханов көшесі, 76
☎ Колледж телефоны 8 (727) 291-83-03
✉ Электрондық пошта rezk_65@mail.ru
1. Білім беру ұйымы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Уәлиханов көшесі, 76.

Телефон: 8 (727) 291-83-03
Электрондық пошта: rezk_65@mail.ru

2. Лауазымдық міндеттері
  • оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасау;
  • оқу жоспарларын, бағдарламаларды, оқу процесінің кестесін және ішкі тәртіп ережелерін бекіту;
  • басқару құрылымын, штаттық кестені және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
  • білім алушылар контингентін қалыптастыру және олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету;
  • тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету және олардың жұмысына бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жұмысты үйлестіру;
  • оқу-материалдық базаның сақталуын, есебін және толықтырылуын қамтамасыз ету;
  • материалдық-техникалық базаны қайта жарақтау мен жаңғыртуды ұйымдастыру;
  • педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасау;
  • инновациялық білім беру технологияларын енгізуді қамтамасыз ету;
  • кадрларды іріктеу, орналастыру және педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдай жасау;
  • қоғаммен, ата-аналармен және өзге ұйымдармен байланысты үйлестіру;
  • әлеуметтік әріптестік пен халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
  • оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері бойынша есеп ұсыну;
  • еңбекті қорғау, техникалық және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
3. Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары
  • жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, не тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім;
  • білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл;
  • техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары не басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде екі жыл;
  • тиісті бейін бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық жұмыс өтілі кемінде бес жыл болуы мүмкін;
  • бейіні бойынша әдістемелік кабинет немесе орталық басшысы не басшысының орынбасары қызметіндегі өтілі кемінде екі жыл;
  • педагогтің тиісті біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы басшысының/басшы орынбасарының біліктілік санатының болуы.
4. Үміткер білуі тиіс
  • Қазақстан Республикасының Конституциясын;
  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті;
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін;
  • «Білім туралы» заңды;
  • «Педагог мәртебесі туралы» заңды;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңды;
  • «Мемлекеттік мүлік туралы» заңды;
  • «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды;
  • педагогика мен психология негіздерін;
  • инновациялық басқару әдістерін;
  • экономика және қаржы-шаруашылық қызмет негіздерін;
  • еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін.
5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар
  1. конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  4. еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі, не соңғы жұмыс орнынан қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардың көшірмелері;
  5. №075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.

Үміткер білімі, жұмыс өтілі және кәсіби даярлығы туралы қосымша құжаттарды, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдар мен біліктілікті арттыру туралы құжаттарды ұсына алады.

⏳ Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қабылданады.
📬 Құжаттарды қабылдау мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14-кіреберіс, 676-кабинет.

☎ Толық ақпарат: +7 (7172) 74-04-59
✉ Электрондық пошта: l.kulzhabaeva@mki.gov.kz
📄 Ресми хабарландыруды ашу