• Mail Us
  • Call Us

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Бүгін Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің ұлағатты ұстазы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Өтебаева Майса Омарбекқызының туған күні!

?Құрметті Майса ханым, Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бірінші кезекте Сізге ұзақ өмір тілегіміз келеді. 

?Өнер жолында қалтқысыз қызмет етіп, колледжіміздің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып келесіз. Ұлағатты ұстаз ретінде жастардың қабілет көзін ашып, биіктерге самғауына қосқан үлесіңіз де өз алдына бір төбе. 

?Әрбір шәкіртіңіздің тілін тауып, олардың болашаққа нық сеніммен қадам басуына ықпал ете білдіңіз. Біліміңіз бен жиған тәжірибеңізді қоса аянбай бөлісіп, ел аузында «үздік, әрі талапшыл ұстаз» деген атпен жатталдыңыз.

?Лайым қуанышты күндеріңіз, шаттыққа толы сәттеріңіз көп болсын! Жанұяңызға амандық, бақ-береке тілейміз. Алдағы уақытта да еселі еңбегіңіз берекелі болып, шабытыңыз арта берсін! ???

Құрметпен: Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжінің ұжымы!